Павлодар облысында емханаға тіркелу науқаны басталады
Тұрғындарға медициналық ұйымды қалай таңдау керектігін есіне салды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз конференцияда «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҚАҚ-ның Павлодар облысы бойынша филиалы директорының м.а. Алмагүл Ахметжанова мәлім етті.
– Жыл сайын 15 қыркүйек - 15 қараша аралығында Қазақстанда халықты алғашқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарына еркін бекіту науқаны өткізіледі. Емханаға қайта тіркелу кезінде тұрғылықты жерге жақын медициналық ұйымды таңдауға кеңес беріледі. Бұл қажет болғанда учаскелік дәрігер науқасқа үй жағдайында қызмет көрсете алу үшін маңызды, – деді спикер.
Оның сөзінше, тұрғылықты жері бойынша емханада немесе электрондық цифрлық қолы арқылы eGov.kz электрондық үкімет веб порталында арқылы белгілі бір медициналық ұйымға тіркелуге болады. Тіркелуге болатын емханалардың тізімін www.fms.kz сайтындағы «Емхананы таңдау» бөлімінде табуға болады.
– Зейнеткерлер, мүгедек адамдарға, қамқоршыларға, патронаттарға, сотталғандарға, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер емханаға қайта тіркеу үшін медициналық ұйымға тікелей барып, еркін нысандағы өтініш қалдыра алады. Ол үшін өзімен бірге жеке куәлік болу керек, – деп түсіндірді Алмагүл Ахметжанова.
Айта кету керек, науқан барысында медициналық ұйымдарға тіркелген жеке тұлғалар бұл ұйымдардың бастапқы медициналық-санитарлық көмекті ерікті медициналық сақтандыру болған жағдайда келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ала бастайды.
Спикердің айтуынша, 2020 жылы бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсететін мекеменің саны 32 болды, оның ішінде 17-сі жеке меншік, ал 15-і мемлекеттік ұйым болды. Ал 2023 жылы бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсететін мекеменің саны 239-ға дейін өсті.
– Бүгінде сақтандырылмаған әлі де 130 мың тұрғын бар. Олар көбінесе Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында. Жыл сайын сақтандырылмағандар қосылып, азайып та жатады. Себебі бір ай төлем жасалмаған жағдайдың өзінде автоматты түрде шығады, – деп атап өтті Алмагүл Ахметжанова.
Сондай-ақ, сақтандыру мәртебесіне қарамастан, азаматтардың барлығы медициналық көмектің кепілдендірілген тегін қызметін ала алады. Жоспарлы госпитализация, бейінді маманның қарауына жазылу, қымбат тексеруден өту және жоғары технологиялы емдеуді алу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылған болу керек. Сақтандыру мәртебесі туралы электронды үкімет, Қордың сайтынан, SaqtandyryBot арқылы Телеграм желісінен, сонымен қатар, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы білуге болады.