Павлодарда су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау нүктесі ашылды

Павлодарда су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау нүктесі ашылды
Фото: Константин Шелков

Еріктілер қажетті заттардың тізімін жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Күшіміз бірлікте» республикалық акциясы аясында Жастар бастамаларын дамыту орталығында табиғи апат салдарынан зардап шеккендер үшін гуманитарлық көмек жинау нүктесі ашылды. 

– Әрбір зат сұрыпталып, арнайы жәшікке салынуы тиіс. Қолданылған, ескі заттарды беруге тыйым салынады,– делінген хабарламада. 

Азық-түлік өнімдері (0 жастағы балалардан бастап) және үй жануарларына арналған тамақ, киімдер, аяқ киімдер, сүлгілер, көрпелер, гигиеналық заттар (сабын, тіс пастасы, сусабындар, майлықтар, дәретхана қағазы және т.б.), шәйнектер, ыдыс-аяқ, телефон қуаттағыш құрылғысы, шатырлар, төсеніштер, ұйықтау қапшықтары, фонарьлар, жаялықтар, скотч пен пленка сияқты заттар керек.  

Гуманитарлық көмек бойынша 8 (705) 409-19-05 Айжан Қалиға хабарласуға болады. 

Қаражат аударымдары үшін реквизит:

«Демеу Қазақстан қоры» Корпоративтік қоры

Қазақстан Республикасы 010000, Астана қаласы, Желтоқсан көшесі,1 үй, НП3

БИН 230640019445

ИИК KZ90601А871013594721

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

БИК HSBKKZKX

Тел: 8 7172-28-06-23