Павлодар облысында ауыл жастарына шағын гранттар ұсынылады

Павлодар облысында ауыл жастарына  шағын гранттар ұсынылады
Фото: Константин Шелков

Сомасы 500 мың теңгеге дейін грант ауылдық жерлердегі волонтерлік жобаларды қолдау үшін  беріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«New vision team» қоғамдық қорының хабарлауынша, 12-22 қыркүйек аралығында ауылдық жерлердегі волонтерлік жобаларды қолдауға арналған шағын гранттар конкурсы жарияланады. Шағын гранттар соммасы – 500 мың теңгеге дейін. 

Байқауға әлеуметтік жобаларға қатысу арқылы қоғамның игілігі үшін қызмет ететін 14-35 жас аралығындағы облыс тұрғындары қатыса алады, – дейді ұйымдастырушылар

Сондай-ақ, ҚР  заңдарына сәйкес құрылған және волонтерлік қызметті жүзеге асыратын волонтерлік ұйымдар – коммерциялық емес ұйымдар, бастамашыл топтар (діни бірлестіктерді, тұтыну кооперативтерін, сондай-ақ саяси партиялар немесе кәсіптік одақтар нысанындағы қоғамдық бірлестіктерді қоспағанда) гранттық байқаудың  қатысушылары бола алады.

Гранттық байқау волонтерліктің жеті бағыты – «Bilim», «Saýlyq», «Sabaqtastyq», «Taza Álem», «Asyl мura», «Qamqor», «Úmit» әлеуметтік жобаларды іріктеуге негізделеді. 

Шағын гранттар конкурсы облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының қолдауымен  жүзеге асырылады.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау және тіркелу туралы ақпарат конкурс ережесінде бекітілген.  Қосымша ақпарат үшін 8(747)668-25-08 телефоны арқылы немесе @nvt_kz инстаграм парақшасы арқылы білуге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОФ «New vision team» (@nvt_kz)