Павлодар облысында балалар қай жерде спортпен тегін айналыса алады

Павлодар облысында балалар қай жерде спортпен тегін айналыса алады

@Pavlodarnews.kz ақпараттық агенттігі әртүрлі қажеттіліктері бар балаларға арналған тегін спорт секцияларының тізімін жасады.

2021 жылы елімізде спорт және шығармашылықтың мемлекеттік тапсырысын секциялар мен үйірмелерде жан басына шаққандағы қаржыландыру бойынша арнайы бағдарлама қабылданған болатын. Реформаға сәйкес, облыс бойынша мыңдаған бала спорт әлеміне қадам басып, алғашқы жеңістеріне қол жеткізе бастады.

Дегенмен, жүйе мінсіз болмай шықты: artsport.kz порталындағы жаңа ваучерлерді үлестіру тоқтатылды. «АртСпорт» айналысындағы дау-дамай әлі тыйылмай тұр. 2022 жылдың басына дейін ваучерге ие болғандар спортпен айналысуларын жалғастырса, қалғандары – күтуде.

Біздің мақсат – Павлодар облысында тегін спорт секциялары «АртСпортсыз» да бар екендігін көрсету. Тізім облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметтері негізінде әзірленді.

Айта кетейік, облыста дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындар саны 282 мың адамға жеткен. Бұл облыс тұрғындарының 37,4%-ы. 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 50%-ға жеткізу жоспарлануда.

Айбек Жұматов

Фото: Константин Шелков