«Pavlodar» күтпеген жерден ұтылды
Ақтөбеде волейболдан Ұлттық лига командалары арасындағы ел чемпионатының төртінші туры жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екінші ойында павлодарлықтар турнир кестесінің екінші орнында келе жатқан «Таразға» 1:3 есебімен ұтылды. Бірінші орында іс басындағы чемпион – «Pavlodar». 2023 жылдың желтоқсан айында біздің волейболшылар бірінші турдағы жеңіліс үшін жамбылдықтарға есе қайырған болатын.
Бүгін турнирде демалыс күні. 13 ақпанда «Pavlodar» алаң қожайындары – «Ақтөбеге» қарсы ойнайды. Ойын 17:30-да басталады. Матчтың тікелей көрсетілімін Волейболдан Қазақстан федерациясының Youtube-арнасынан көруге болады.
Естеріңізде болса, чемпиондық атаққа ие болу үшін біздің волейболшыларға екі мәрте жеңіске жету жеткілікті. Төртінші тур бітуіне дейін павлодарлықтар төрт өткізеді.