«Ертістің» оңтүстіктегі кездесуі «Бразилия-Германия» есебімен аяқталды

«Ертістің» оңтүстіктегі кездесуі «Бразилия-Германия» есебімен аяқталды
Фото: Валерий Бугаев

Жаттықтырушылардың құраммен эксперименттері жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Футболдан Бірінші лиганың оныншы туры аясында павлодарлық футболшылар Түркістанға аттас командамен кездесуге аттанды. «Түркістан» турнирлік кестеде соңғы орында тұр, олармен ойында «Ертіс» барынша ұпай алып, жанкүйерлерінің алдында өткендегі жеңілісін жуып-шаюға мүмкіндік туды.

Бас бапкер Ринат Әлеуетов бес емес, төрт қорғаушыны алаңға шығарып, тактикалық сапқа сәл өзгеріс енгізді. Қанат ойыншысы Владимир Воменко әдеттегідей сол жақ жартылай қорғаушы позициясын алды. Негізгі құрамда қорғаныс орталығында Рауан Орынбасармен жұп құрған Даниил Нырков шықты. Алаңның ортасында Артем Попов пен Вячеслав Раскатов ойнаса, инсайд рөлдерін Максим Федин мен Тамерлан Агиманов атқарды, ал Матвей Герасимов өткір шабуыл ұшында болды.

Тамерлан Ағымановтың бұрыштама добынан кейін допты қақпғана енгізген Рауан Орынбасар есеп ашты. Араға бірнеше минут салып Владимир Воменконың берген добын Матвей Герасимов голға айналдырды. Осыдан кейін матчтың трансляциясы үзілді. Айта кетерлігі, техникалық ақауларға байланысты жанкүйерлер «Ертістің» ойынын толықтай тамашалай алмады.

Бірақ Наталия Рябоконь мен оның балалары бәрін көрді. Қайсар жанкүйер балаларымен бірге тағы да ұзақ сапарға аттанды. Оның клубқа деген адалдығы павлодарлық команданың жарқын ойынымен және «Хан-Тәңірімен» матчқа Алматыға жолдамамен марапатталды. Осылайша клуб басшылығы павлодарлыққа адалдығы үшін алғысын білдірді.

Матчқа қайта оралсақ, Тамерлан Ағыманов төрт нәтижелі пас беріп, бір гол соққанын айта кеткен жөн. Арман Смайылов хет-трик жасаса, тағы бір голды Артем Попов соқты. Нәтиже 7:1 – 2014 жылғы әлем чемпионатында немістер бразилиялықтарды жеңген сияқты есеп тіркелді.

«Ертістің» қарсыластары 20 маусымда ойнайды. «Каспий» мен «Екібастұз» кездесуі Ақтауда өтеді. Екібастұздықтардың өз жанкүйерлерін де, павлодарлықтарды да таң қалдыруға мүмкіндігі бар.

Павлодарлықтар келесі кездесуін өз алаңында өткізеді. 27 маусымда «Ертіс» «SD Family» командасын қабылдайды.