Павлодарда ұлттық ат спорты бойынша стадион салынуда

Павлодарда ұлттық ат спорты бойынша стадион салынуда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тамызда құрылыс жұмыстары аяқталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиналыста облыстық құрылыс басқармасының басшысы Қадылжан Сәтиев мәлім етті. Биыл өңірде 14 спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. 

– Шарбақты көпірі аймағында ұлттық ат спорты бойынша стадион салынады. Қазіргі уақытта «ГрадСтройСервис» ЖШС мердігерлік ұйымы екінші трибунаның үстіндегі шатырдың металл конструкцияларын бекітіп жатыр, – деп атап өтті Қадылжан Сәтиев. 

Ғимараттың ішіндегі ат қораның еденін орнату бойынша жұмыстар атқарылуда. Нысан құрылысының аяқталуы тамыз айына жоспарланған. Бұдан бөлек Павлодарда шаңғы және биатлон спорт секциялары үшін спортзал салынуда. Нысанда терезелерді орнату жұмыстары жүргізілуде. Барлық жұмыстар айдың аяғына дейін аяқталады.