Павлодарлық дәрігерлер жүкті әйелге күрделі ота жасады
Әйел үшін де, бала үшін де үлкен қауіптер болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Перинаталдық және кардиоорталықтың дәрігерлері 37 жастағы жүкті науқастың өмірін құтқарып қалды. Бұл туралы Павлодар облысы бойынша филиалы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалы хабарлайды.
Әйел адам көптеген жылдар бойы жүрек ауруымен ауырады. Кардиологтар оған жүре пайда болған жүрек ақауы, үшінші дәрежелі қос жармалы қақпақшасының жеткіліксіздігі, екінші дәрежелі қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі деген диагноздар қойған еді. Осы жүктілік кезінде динамикада жүрек жұмысының нашарлауы анықталды.
Диагнозды ескере отырып, осы жүктілікті ұзарту мүмкіндігі туралы мәселе туындады. Әйел үшін де, бала үшін де үлкен қауіптер болды. Сондай-ақ, анамнез бойынша әйелде екі кесарь операциясы болған еді.
– Мен операция туралы ойламауға тырыстым, дәрігерлер сабырлы болуға кеңес берді, – деп еске алады науқас.
Әйел 35 апта + 6 күн жүктілік кезінде босану мәселесін шешу үшін облыстық перинаталдық орталыққа жатқызылды.
– Жүкті әйелдің жағдайын ескере отырып, перинаталдық орталық жағдайында босану туралы шешім қабылданды. Жүрек ауруына байланысты бізге кардиореаниматологтар мен кардиологтар көмекке келді, олар операция барысында жағдайды бақылап отырды, - деп түсіндірді №1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығы директорының м.а. Айман Оспанова.
Ақ халатты жандардың көмегімен 7 маусымда сәтті ота жасау арқылы әйел ұл баланы босанды. Перинаталдық орталық пен кардиорталық дәрігерлері бірлесе операцияны жасады.
Босанған әйел үйге қанағаттанарлық жағдайда шығарылды және кардиологтардың бақылауында қалады. Қазір нәресте мен анаға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Ана өзін жақсы сезінеді және сауықтыру шараларымен айналысуды жоспарлап отыр.
Фото: Константин Шелков