Павлодарлықтарды ақылы негізде емдік қан тапсыруға шақырады

Павлодарлықтарды ақылы негізде емдік қан тапсыруға шақырады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Гемоэксфузия (қан алу) – медициналық процедура, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облыстық қан орталығының мәліметінше, ақылы негізде емдік гемоэкфузияның (қан алу) мәні тамырды тесу арқылы қаннан белгілі бір мөлшерде қан алу болып табылады.

– Ол ағзадағы темір мен қан қысымының жоғарылауында, сондай-ақ кейбір басқа патологиялық жағдайларда қолданылады. Гемоэксфузия курсы темір метаболизмін тиімді қалыпқа келтіруге, қан құрамын жаңартуға және қан қысымын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді, – дейді қан орталығында.

Сондай-ақ, қан айналымын жылдамдатады және метаболизмнің белсенділігін арттыралы. Темірдің шамадан тыс болуы синдромы адамның генетикалық ерекшеліктеріне, сондай-ақ белгілі бір аурулар мен жағдайларға (қан аурулары, вирустық гепатит, алкогольді шамадан тыс пайдалану, тағамнан және/немесе судан темірді артық қабылдау және т.б.) байланысты болуы мүмкін.

Темірді артық қабылдау белгілері:

• Шаршау күшейеді, күш жоғалады, бас ауруы, бас айналу.

• Тері пигментациясының пайда болуы.

• Жүрек айнуы, құсу, қыжылдау, асқазанның ауыруы, іш қату немесе диарея, ішектің шырышты қабатының зақымдануы.

• Тәбеттің төмендеуі, салмақ жоғалуы.

Гемоэксфузия курсы көп жағдайда темір алмасуын қарапайым және тиімді қалыпқа келтіруге, ауыр жағдайлардың дамуын болдырмауға мүмкіндік береді.

Әрбір 450 мл қан алғанда денеден шамамен 250 мг темірді кетіреді. Әрбір науқас үшін қажетті процедуралардың саны және олардың жиілігі диагнозды, науқастың жасын, жеке төзімділікті және зертханалық деректерді ескере отырып, емдеуші дәрігермен анықталады.

Процедура науқастың арнайы дайындығын қажет етпейді.

Шамамен 10-15 минутқа созылады. Барлық манипуляциялар кезінде науқас дәрігердің бақылауында болады, жүрек соғуы және қан қысымы өлшенеді.

Бұл процедураны алу үшін клиникалық диагнозды, жалпы қан талдауының нәтижелерін, В, С гепатиті, мерез, АИТВ-инфекциясына талдау нәтижелерін көрсете отырып, жергілікті емханадан жолдама алу қажет.

Мекенжайы: Павлодар қаласы, Естай көшесі, 79. Павлодар облыстық қан орталығы.

Терапиялық гемоэсфузия кабинетінің жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма күндері,  сағат 14:00-ден-16:00-ге дейін.

Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы қажет. Емдеуші дәрігердің жолдамасы болуы тиіс. 

Қызметтердің бағасын 8 (7182) 32-48-32 телефоны арқылы білуге болады.