Павлодар облысына 200-ге жуық медициналық маман тартылды

Павлодар облысына 200-ге жуық медициналық маман тартылды

Олар үшін көтерме төлем бағдарламасы іске қосылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

2024 жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында облыс аумағындағы ауылдық елді мекендерде 25 медициналық нысанның құрылысы аяқталды, ал қалған 5 нысан 2025 жылы пайдалануға беріледі. Бұл 15 мың ауыл тұрғынына сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Дәурен Жамбайбек өзінің Instagram-ғы жеке парақшасында жаңа медициналық мекемелер заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілгені туралы жазды. Нысандардың ішінде телемедицина кардиографы мен дефибриллятор бар.

Кадр әлеуетін нығайтуға ерекше көңіл бөлінеді: 2024 жылдан бастап облысымыздың ауылдарына жұмыс істеуге келген мамандар үшін көтерме төлем бағдарламасы іске қосылды, оның көлемі 8,5 млн теңгені құрайды. Осы бағдарламаның арқасында өткен жылы облысымызға 182 маман тартылды,– деп жазды ол.

2025 жылы ауылдық денсаулық сақтауға ерекше назар аударылады. Облыс аудандарына 137 бірлік медициналық жабдық сатып алынады, сондай-ақ шалғай ауылдар үшін санитарлық көлікті жаңартудың үш жылдық бағдарламасы аяқталады, бұл автопарктің 100%-ға жаңаруын қамтамасыз етеді.