Павлодар облысында есірткі сатқан азамат 7 жылға сотталды

Павлодар облысында есірткі сатқан азамат 7 жылға сотталды
Фото: ҚР Ішкі істер министрлігі

Тінту жүргізу барысында есірткі заттары бар 13 полиэтилен пакет табылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылдың жазында көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі заттарын өткізу күдігі бойынша Екібастұз қаласының 38 жастағы тұрғынын ұстады. Ол «ҚазСуШар» РМК-ның  «Қ. Сәтбаев атындағы каналының» қызметкері болып шықты.

Павлодар қаласының мамандырылған тергеу сотының санкциясымен ұсталған азаматтың тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу барысында «кептірілген марихуана» есірткі заттары бар 13 полиэтилен пакеті табылып, тәркіленді, – делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Ағымдағы жылғы қаңтар айының соңында Екібастұз қалалық сотының үкімімен қаскүнем кінәлі деп танылып, оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.