Павлодарда «Спецмашин» ЖШС-не қатысты тергеп-тексеру басталды
Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға қатысты заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің мәліметінше, компанияның іс-әрекеттерінде Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының бұзылу белгілері қарастырылады.
– Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету жөніндегі қызметтер нарығын талдау «Спецмашин» ЖШС үстем жағдайға ие бола отырып, заңды тұлғалар үшін монополиялық жоғары бағаларды белгілеу арқылы заңнаманы бұзуы мүмкін екенін көрсетті, – деп жазылған хабарламада.
Департаментке келіп түскен өтінішке жауап ретінде жоспардан тыс талдау жүргізіліп, көрсетілген бұзушылықтар анықталды.
Ресми тергеп-тексеудің мақсаты «Спецмашин» ЖШС қызметін егжей-тегжейлі зерделеу және бұзушылық фактілері расталған жағдайда тиісті шаралар қабылдау болып табылады.