Ақсуда жылу тарифіне қатысты жария тыңдау өтеді
                                    Тұрғындар жария тыңдауға онлайн және оффлайн түрде қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің өңір бойынша департаментінің мәліметінше, кездесуде «Теплосервис-Ақсу» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының жылу энергиясына арналған тариф жобасы талқыға салынады.
Жария тыңдауға 22 қыркүйек күні сағат 15:00-де Вокзальная көшесі, 5 мекенжайы бойынша немесе Zoom платформасы арқылы онлайн қатысуға болады.
Жария тыңдауға Парламент, мәслихат депутаттары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, БАҚ өкілдері, сондай-ақ тұтынушылар мен тәуелсіз сарапшылар шақырылады.