Павлодарлық іздеушілер ҰОС ардагерінің туыстарын іздестіруде
Олар туыстарына жауынгерлік наградасын табыс етуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Жауынгерлік еңбегі үшін» медалі аға сержант Григорий Калюгке 1945 жылы 6 сәуірде табысталды. Бұл туралы «Майдан жолы» Павлодар іздеу жасағының командирі Александр Шитов мәлім етті.
– Біз жауынгерлік марапатты отбасына қайтарғымыз келеді. Алтыншы гвардиялық армияның 1944 жылғы 22 қыркүйектегі бұйрығы бойынша марапаттау парағы бұрынғы Ертіс ауданының тұрғыны Григорий Илларионовичке тиесілі екені анықталды, – дейді іздеу жасағының командирі.
Бұл медальді «Майдан жолы» іздеу жасағына Ақсу тұрғындарының бірі тапсырды. Ол марапатты 2023 жылдың 3 желтоқсанында Беловка ауылының маңынан тапқан.
«Ресейдің іздеу қозғалысы» бүкілресейлік қоғамдық қозғалысының көмегімен медаль нөмірі бойынша марапат иесінің жеке басын анықтауға мүмкіндік туды.
Іздеушілер бей-жай қарамайтын адамдардан Ұлы Отан соғысының ардагерін іздеуге қосылуды сұрайды.
Павлодардағы байланыс үшін байланыс нөмірі - 8-777-461-73-78.