Павлодар облысында ең жоғарғы жалақы көлемі жарты миллион теңгені құрады
Ал орташа жалақы құны 300 мың теңгеден асады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Жақан Жәкенов мәлім етті.
– Павлодар облысындағы орташа номиналды жалақының құны 303 731 теңгені құрайды. Ал Қазақстан бойынша 340 631 теңгені құрады, – дейді Жақан Жәкенов.
Сонымен қатар, оның айтуынша, сала құрылымында ең жоғарғы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу жұмыстарында анықталды. Олардың жалақысы – 544 326 теңге, республика бойынша орташа есеппен – 766 555 теңге. Ең төменгі жалақы көлемі – 132 643 теңгені құрайды.