Ыстамбұл тағы бір ықтимал жер сілкінісіне дайындалуда
Түркия билігі Ыстамбұлды сейсмологтар ескерткен жаңа ықтимал жер сілкінісіне дайындықты бастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
TURKNWS ақпарат арнасының мәліметінше, Ыстамбұл сейсмикалық қауіптілігі жағынан әлемдегі ең қауіпті қалалардың ондығына кіреді. Бұл туралы Түркияның Экология және қала құрылысы министрі Мехмет Ожасеки айтып, биліктің Ыстамбұлды дайындауды бастауды жоспарлап отырғанын айтты. Сондай-ақ ол Түркияның ең үлкен қаласындағы 5 миллион 800 мың тәуелсіз ғимараттың 1,5 миллионы қауіп төніп тұрғанын, 600 мыңы жоғары қауіпте екенін атап өтті.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, сейсмологтар айтып отырған Ыстамбұлда жер сілкінісі орын алса, 90 мыңға жуық үй бірден құлап, 260 мың ғимарат қирап, тұруға жарамсыз болады. Осылайша, қаланың 4,5 миллион тұрғыны уақытша баспанаға мұқтаж болады.
Айта кетейік, сейсмолог Наджи Гөрюр Стамбул орналасқан Мәрмәр теңізі аймағында магнитудасы 7,2-7,6 болуы мүмкін жер асты дүмпулері туралы ескертті.
Бұрын хабарланғандай, Түркияның оңтүстік-шығысында 6 ақпанда болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 50 500 адамға жетті. Жер сілкінісінен кейін билік Ыстамбұлда кем дегенде 1,5 миллион үйді қоныстандыру қажеттігін мәлімдеді. Ол үшін әрқайсысы 500 мың адамға есептелген бірнеше серіктес қалалар құру туралы шешім қабылданды.