Павлодарда коньки тебу үшін мұз айдындары қай жерлерде құйылады?

Павлодарда коньки тебу үшін мұз айдындары қай жерлерде құйылады?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Биыл алғаш рет Орталық алаңда қосымша екі жаңа мұз айдыны пайда болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 2025 жылдың қысқы маусымында Павлодардың түрлі аумақтарында 24 мұз айдыны орнатылады. 

Мұз алаңдары мына мекенжайларда орналасады: 

  • Орталық алаң (екі айдын), 
  • Ш. Құдайбердіұлы (Бестужев) 6, 
  • Гагарин 30, 
  • Ломов 159, 
  • Қатаев 101, 
  • Ақ. Сәтбаев 243, 
  • Павлов 44, 
  • Н. Назарбаев 20, 
  • Айманов 29, 
  • Н. Назарбаев 42, 
  • Нұрмағамбетов 130, 
  • Торайғыров 44/1, 
  • Айманов 52, 
  • Қамзин 68, 
  • Астана 10, 
  • Бектұров 15, 
  • Н. Назарбаев 6/3, 
  • Ткачев 15, 
  • Павлодарское ауылы, Заводская 1, 
  • «Ertis» шаңғы базасы, 
  • Малайсары 39 мекенжайындағы «Восточный» жабық корты, 
  • Ген. Дүйсенов 105 (Қалалық бақ) және Гагарин саябағы.

Қаланың аулаішілік мұз айдындары орнатылып, мұзды құю жұмыстары басталды. Барлық алаңдар 20 желтоқсанға дейін, ауа райы қолайлы болған жағдайда, толық іске қосылады. 

Мұз айдындарының жұмыс уақыты: дүйсенбіден жұмаға дейін 12:00 – 21:00, демалыс күндері 11:00 – 21:00, конькиді соңғы беру уақыты – 20:00. Сейсенбі – демалыс күні. 

– Мұз сапасын бақылауды Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі қамтамасыз етеді. Бастапқы кезеңде мұз айдындары 17–20 сантиметр қалыңдыққа жету үшін аптасына 3–4 рет құйылады, кейін күнделікті бақылау және қажетіне қарай қосымша құю жүргізіледі. Айдындар жұмыс істеп тұрған кезде алаңдарда қызметкерлер кезекшілік етеді. Тегін коньки беру қарастырылған жерлерде арнайы қызметкер бекітіледі, – деді әкімдікте.

Аулаішілік мұз айдындарында сырғанау толықтай тегін. Сондай-ақ Орталық алаңда, Қалалық бақта, Гагарин атындағы саябақта және Малайсары 39 мекенжайындағы жабық хоккей кортында коньки тегін беріледі. Қалған мұз айдындарында тұрғындар өз конькилерімен сырғанай алады.

Сондай-ақ, қала аумағында «Зеленая роща» және «Усолка» шаңғы базасында шаңғыларды тегін жалға беріледі. Жұмыс күндері жалдау 12:00-ден 19:00-ге дейін, демалыс күндері 11:00-ден 19:00-ге дейін, сейсенбі – демалыс күні. Шаңғы барлық адамдар үшін қол жетімді.