Павлодар облысында түйелердің саны артқан
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өңірде түйе саны өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,2 есеге көбейген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық статистика департаментінің мәліметінше, аймақта шошқа 15,2%-ға, құстың барлық түрлері 4,6%-ға артқан.
– Ірі қара мал, жылқы, қой мен ешкі басы санының ең жоғары үлесі Баянауыл ауданында тіркелді. Шошқаның едәуір саны Павлодар ауданында – 65,4%, ал құс саны Павлодар қалалық әкімшілігінде 54,7% шоғырланған, – деп жазылған хабарламада.
Ауыл шаруашылығы малы негізінен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында шоғырландырылған: 90,7% шошқа, 92% түйе, 73,3% құстың барлық түрлері. Ірі қара мал мен жылқы басы шаруа немесе фермер қожалықтарындағы және дара кәсіпкерлерінде тіркелген (сәйкесінше жалпы санынан 50,5% және 56,5%). Жұртшылық шаруашылықтарында жалпы санынан 48,7% өсіріледі.
2022 жылмен салыстырғанда еттің барлық түрлерінің тірідей салмақта өндіру 16,9%-ға, сауылған сүт 9,2%-ға көбейді. Алынған жұмыртқа 6,5%-ға азайса, жүн өндірісі 0,7%-ға көбейді.
Еске сала кетейік, Баянауыл ауданында «Берекет-1» ЖШС 2023 жылы алты мың гектар жер алып, 100 түйе ұстап отыр. Алдағы уақытта 600 басқа жеткізуді жоспарлап отыр, қосымша база мен үй сатып алған.