Баянауылда кәсіпкер түйелерді көбейтіп, шұбат өндірмек
2025 жылы ауданда 3 700 млн теңгеге екі инвестициялық жоба жүзеге асырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыс әкімі Асайын Байханов Баянауыл ауданына жұмыс сапарында аудан әкімі Ардақ Кісентаев мәлім етті.
– Қожайын шұбат өндірумен қарқынды айналысуда. – «Берекет - 1» ЖШС 2023 жылы ауданнан алты мың гектар жер алып, қосымша база мен үй сатып алған болатын. Бүгінгі таңда кәсіпкер 100 түйе алып келді. Алдағы уақытта 600 басқа жеткізуді жоспарлап отыр, – дейді аудан әкімі.
Аудан әкімінің айтуынша, инвестициялық жобаның құны – 3,5 миллиард теңге. Күніне мың литр шұбат, 500 литр йогурт шығару жоспарлануда.
– Бұл – Баянауыл ауданындағы мұндай бағыттағы алғашқы рет жасалып жатқан кәсіп. Бұған дейін мұндай болмаған, – дейді облыс әкімі.
Айта кету керек, бүгінде кәсіпкер шұбатты Баянауылға келген туристерге сатуда. Сонымен қатар Астана қаласына да тұрақты түрде жеткізіліп тұрады.
Екінші жоба «Асқар» ШҚ 200 млн теңге сомасына суармалы учаске салуды жоспарлап отыр.