Павлодар облысында жарты тоннаға жуық есірткі тәркіленді
Оның 16 келіден астамы – психоактивті заттардың жаңа түрлері, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев есірткі жасырушылар үшін неғұрлым жазаны жеілдету мәселесін реттейтін заңға қол қойды, аталған заң есірткі заттарын өндіріп, өткізуді ұйымдастырғаны үшін жазаны қатаңдатады. Заң күшіне 2025 жылдың 3 наурызында енеді.
Павлодар облысы полиция департаменті есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл жөніндегі басқарма бөлімінің бастығы Ирина Темірғалиева заңдағы негізгі өзгерістер туралы айтып берді.
Біріншіден, есірткі бизнесін ұйымдастырушылар мен есірткі таратушылар үшін қылмыстық жауапкершілік шектелген. Егер бұрын олар үшін ҚК-нің 297-бабы бойынша бірыңғай жаза көзделген болса, енді есірткі таратушылар сол бап бойынша тартылатын болады, бірақ санкциялары төмендетілген.
– Егер адам есірткіні аз мөлшерде сатқаны үшін ұсталса, бес жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Бұрын бес жылдан 10 жылға дейін болған. Есірткіні ірі мөлшерде өткізгені үшін ұсталған жағдайда енді жаза алты жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылу болады. Бұрын алты жылдан 12 жылға дейін болған, – деді Ирина Темірғалиева.
Егер азамат есірткіні аса ірі мөлшерде өткізгені үшін ұсталса, онда ол жеті жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Оның айтуынша, көптеген есірткі таратушылар – жастар, қыздар. Сондықтан мемлекет мұндай азаматтарға ертерек бостандыққа шығуға, түзету жолына түсуге және жаңа өмір бастауға мүмкіндік береді.
– Мемлекет есірткі таратушылар үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігін ұсынады, бұл мыңнан астам сотталушыға әсер етуі мүмкін. Мерзімінен бұрын босату туралы әрбір өтініш сотталған адамның мінез-құлқын және жасалған іс-әрекет туралы хабардарлығын ескере отырып, жеке қаралатын болады, – деді спикер.
2024 жылдың қорытындысы бойынша Павлодар облысында 465 келіден астам есірткі тәркіленді, оның 16 келіден астамы – психоактивті заттардың жаңа түрлері.
– 2024 жылы есірткі бойынша ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін 50-ден астам азамат, оның ішінде синтетикалық есірткі таратумен айналысатын үш кәмелетке толмаған азамат ұсталды. Бір фитонарколаборатория және үйде есірткі өндіру жағдайлары анықталды, – деп атап өтті Ирина Темірғалиева.
Айта кетерлігі, «Гармала» (адыраспан) өсімдігін Ресейге тасымалдайтын Қазақстан азаматтары қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.