Павлодар облысында жас бопсалаушылар тобы ұсталды

Павлодар облысында жас бопсалаушылар тобы ұсталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар құрдастарын несие ресімдеуге мәжбүрлеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Polisia.kz ақпараттық-медиа порталдың мәліметінше, 23 қаңтарда Шымкент және Павлодар қалаларында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бопсалауларға, тонауларға, алаяқтықтарға, бас бостандығынан заңсыз айыруға қатысы бар екі жастар тобы ұсталды.

Павлодар облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері 18-23 жас аралығындағы бес тұрғыннан құралған топ әшкереленді. 

– Күдікті адамдар криминалдық идеологияның ықпалымен өздерінің құрдастарын оқу орындары мен жатақханаларда, сондай-ақ сауда ойын-сауық орталықтарында қорқыту және күш қолдану арқылы онлайн-қосымшалар арқылы несиелер ресімдеуге мәжбүрлеген. Содан кейін олардан ақша мен тауарларды алған. Жас жігіттерге бопсалау, тонау және алаяқтық қылмыстары бойынша айып тағылды, – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Қылмыстық топтың барлық қатысушылары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.