Павлодар облысында Lexsus кюветке аударылды
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 ақпан күні Павлодар – Қызылорда автожолының 135 шақырымында рульді басқара алмай, кедергіге соғылған Lexsus 470 автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі кюветке аударылды.
– Жүргізуші мен 23 жастағы жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, – деді департаментте.
Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Аталмыш фактіге қатысты сараптама тағайындалып, тексеру жүргізілуде.