Павлодарда гараж жанды
Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 қаңтар күні сағат 08.56-да Ломов көшесіндегі гараж кооперативіндегі бокс жанды.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары 10 шаршы метр алаңда өртті толығымен жойды. Өрт сөндірушілер 50 литр екі газ баллонын алып шықты.
Өрт сөндірушілердің кәсіби және үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде жалынның таралуына және газ баллондарының жарылуына жол берілмеді.
Департаментте төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалуға кеңес береді.