Көлеңкелі сауда: Павлодарда 20-дан астам заңсыз өнім айналымы анықталды

Өңірде көлеңкелі айналымда жүрген акцизделетін тауарларды анықтау бойынша салықтық тексерулер жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылдың басынан бері заңсыз алкоголь және темекі өнімдерінің айналымын болдырмау мақсатында бірқатар рейдтік іс-шаралар өткізді.
– Нәтижесінде 20-дан астам заңсыз өнім айналымға шыққан жағдай анықталды, 3 мыңға жуық бөтелке мен кег контрафакт алкоголь өнімі тәркіленді, 200-ден астам сәйкестендіру құралдарынсыз сатылған темекі бұйымдары әшкереленді, рұқсат құжаттарынсыз сатылып келген 1 тоннаға жуық бензин анықталды. Барлық анықталған заңсыз өнімдер тәркіленіп, материалдар сотқа жолданды, – деді департаменттің баспасөз қызметі.
Салық органдары акцизделетін өнімдерді сақтау және сату үшін қажетті барлық құжаттардың (лицензия, есеп-бақылау маркалары, сәйкестендіру құралдары, ілеспе жүкқұжаттар және тағы басқасы) болуын талап етеді.
Әкімшілік жауапкершілік:
- рұқсат құжаттарынсыз қызмет атқару үшін 15-тен 150 АЕК-ке (58 980 теңгеден 589 800 теңгеге) дейін айыппұл және тәркілеу;
- сәйкестендіру құралдары жоқ өнімді сату: 50-ден 500 АЕК-ке (196 600 теңгеден 19 660 000 теңгеге) дейін айыппұл және лицензиядан айыру;
- ілеспе жүкқұжаттарды ұсынбау: 5-тен 30 АЕК-ке (19 660 теңгеден 117 960 теңгеге) дейін айыппұл, бір жыл ішінде қайталанса – 10-нан 60 АЕК-ке (39 320 теңгеден 235 920 теңгеге) дейін.