Павлодарда әйел көпқабатты үйден құлады

Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, адамның биіктіктен құлағаны туралы хабарлама сағат 17:03-те түскен.
– Медициналық топ жеделдіктің бірінші санаты бойынша жіберілді. Төрт минуттан кейін жедел жәрдем бригадасы оқиға орнында болды. Ауыр жарақат алған 51 жастағы әйел №1 Павлодар қалалық ауруханасына жеткізілді, – деп хабарлады облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы.
Куәгерлер әйелдің көп қабатты үйдің терезесінен құлағанын айтады. Қазір дәрігерлер зардап шегушінің өмірі үшін күресуде.