Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатында әйел адам көз жұмды
Жол-көлік оқиғасы Бәйет ауылының маңында орын алған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 сәуір күні сағат 15:30 шамасында Астана - Павлодар тас жолының 1207/142 шақырымында Hyunday Solaris автокөлігінің 47 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, Daimler Chrysler жүк көлігінің тіркемесінің артқы бөлігіне соқтығысқан.
– Жол апаты салдарынан Hyunday көлігінің 40 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, 16 жастағы жолаушы ауруханаға жатқызылды, – дейді департаментте.
Көліктер арнайы тұраққа қойылды. Сараптама тағайындалды. Тексеріс жүргізіліп жатыр.