Павлодар облысында жұмысшы кәсіпорында көз жұмды

Павлодар облысында жұмысшы кәсіпорында көз жұмды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қайғылы оқиға «ЕЭК» АҚ филиалы – «Шығыс» кеніші жанар-жағармай қоймасының бақылау-өткізу қосынында орын алған, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ЕЭК» АҚ корпоративтік коммуникациялар қызметінің мәліметінше,  жүк автоцистернасына техникалық бақылау жүргізіп жатқан кезде мердігер ұйым жүргізушісі кабина мен цистерна арасында жаншылып қалған.

Жүргізуші жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. 

Компания марқұмның туған-туыстарына қайғыра көңіл айтады.