Павлодар облысында ішкі істер органдары қызметке шақыруда

Павлодар облысында ішкі істер органдары қызметке шақыруда
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Әлеуметтік кепілдіктер қарастырылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

ҚР ІІМ облыс бойынша мамандандырылған күзет қызметі басқармасының мәліметінше, ІІО-на полиция батальонының полицейі лауазым қызметіне шақырады. Үміткерлерге қойылатын талаптар: 

  • жасы 35 -тен аспаған;
  • бойы жігіттер үшін 170 см-ден және қыздар үшін 160 см-ден төмен емес; Қазақстан Республикасының азаматтығы, әскери қызметке жарамдылығы (әскери билеттің немесе кейінге қалдырудың болуы);
  • білімі - орта, арнайы орта, техникалық және кәсіптік. 

Оқу мерзімі-2 ай. Бастапқы даярлық аяқталғаннан кейін үміткерге арнаулы атақ беріліп, лауазымға тағайындалады. 

​Әлеуметтік кепілдіктер: киім-кешекпен қамтамасыз етіледі, тегін медициналық қызмет көрсетіліп, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы - 30 күннен 45 күнге дейін беріледі. Тұрғын үйді жалға алғаны үшін өтемақы төленеді. 

Анықтама телефондары 8 (7182) 61-54-42, 61-54-41.