Успен ауданында мәдениет үйі жаңартылды

Успен ауданында мәдениет үйі жаңартылды
Фото: Успен ауданының әкімдігі

Тимирязево ауылында ауылдық мәдениет үйінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Мәдениет үйін күрделі жөндеуге облыстық бюджет қаражаты есебінен 168 млн теңге бөлінді. Мердігер ұйым толық көлемде жөндеу жұмыстарын жүргізді. Қасбеті металл қаптамамен қапталып, пандус, өрт дабылы, тротуарлар мен қоршаулар орнатылған, жиһаз бен сахна жаңартылған. 

Тимирязев ауылдық мәдениет үйі – ауылдағы жалғыз мәдениет ошағы. 1985 жылы салынған ғимаратқа жөндеу қажет болған, ал бүгінде ауыл тұрғындары сүйікті ғимаратының жаңа келбетін көре алады.

Барлық ауыл тұрғындарының атынан алғысымды білдіргім келеді. Біз үшін мәдениет үйін жөндеу – үлкен оқиға, шағын ауылымыздың ұмыт қалмағаны қуантады. Мәдениет үйіміз ешқашан мұндай әдемі болған емес, – деп атап өтті көпбалалы ана, медбике Жанар Тембаева. 

Күрделі жөндеуден кейін халықты сапалы деңгейде мәдени-демалыс қызметімен толыққанды қамтуды жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасалып, елді мекеннің инфрақұрылымы жаңартылды.