Павлодарда көлігін гирляндамен безендірген жүргізушіге айыппұл салынды
Әлеуметтік желіде жарық гирляндамен жүрген көліктің бейнесі полицейлердің назарынан тыс қалмады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 қаңтарда кешкі сағат 18:44-те тәртіп сақшылары Химқалашық маңында қозғалыс жасаған «Hyundai» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Жүргізуші көлігіне жарық гирляндаларды жапсырған. Полицейлердің көзінше құқық бұзушы безендірудің көзін жойды.
Аталған факт бойынша ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жүргізуші 5 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуі тиіс.