Ақсуда егістік жұмыстарына дайындық талқыланды

Ақсуда егістік жұмыстарына дайындық талқыланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кездесуде шаруалар бас қосты, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Жиын барысында көктемгі дала жұмыстарының барысы мен мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы басқармасы, Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы, бизнес, ауыл шаруашылығы субъектілерінің және республикалық қаржы институттарының өңірлік филиалдарының басшылары қатысты.

Ақсу қаласының әкімі Болатбек Шәріпов көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы туралы айтып берді.

«Атамекен» өңірлік палатасы директорының орынбасары Жомарт Сембаев өткен жылы өңірлік кәсіпкерлер палатасы бизнестің және аграршылардың мүдделерін қорғауға қандай көмек көрсеткені, оларға қалай көмектесе алатыны және облыс аграршылары бір жыл бұрын палатадан қандай көмек алғаны туралы хабарлады.

Ақсу бизнес субъектілерінің басшылары облыстық ауылшаруашылығынан АӨК мемлекеттік қолдау шаралары, «ҚазАгроҚаржы» АҚ аймақтық филиалынан ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды несиелендіру шарттары, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан («АҚК» АҚ) көктемгі дала жұмыстарын несиелендіру бағдарламалары туралы хабардар етілді.

Шаруалар несиелік серіктестіктер арқылы ақша алу кезінде қажетті тараптарды цифрландыруға, жүк тасымалдауға теміржол тарифтерін субсидиялау қажеттілігіне, «Агробизнес» бағдарламасы бойынша «АКК» АҚ арқылы несиелеу сомасын шектеуге, субсидияланатын техникалар тізбесіне өздігінен жүретін комбайндарды қосу мүмкіндігіне байланысты, фермерлер лизингтік компания арқылы сатып алған және басқалары туралы сұрақтар қойды.

Кәсіпкерлер мен аграршылардың сұрақтарына жергілікті жерде түсініктеме берілді. Көтерілген мәселелердің бір бөлігі сұрақты одан әрі зерделеу және жауап беру үшін назарға алынды.