"Халық радиосы" ұйымдастырған викторинадан ақсулық тұрғын жеңіске жетті

"Халық радиосы" ұйымдастырған викторинадан ақсулық тұрғын жеңіске жетті

Жеңіске жеткен азамат қос жанарынан айырылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ұтыс ойыны 16 сәуірде "Халық радиосының"тікелей эфирінде өтті.

- Биыл аймақ үніне айналған радионың әуе толқынына қосылғанына 85 жыл болды. Осыған орай, радио тыңдаушылары арасында біздің радионың тарихына арналған викторина өткізудеміз. Ақсу қаласының тұрғыны Асқар Тұранов барлық сұрақтарға дұрыс жауап берді, - дейді редакция.

Ал радио тарихын жіліктеп айтып берген жеңімпаз "Халық радиосының тұрақты тыңдарманы.

- Мен радионы үзбей тыңдаймын. Радионың 85 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған викторина сұрақтарына  дұрыс жауап беруіме "Халық радиосының тарихы" айдары көмектесті, – деді Асқар Тұранов.

Асқар Тұрановтың көру қабілет нашар. 

Викторинаның барлық сұрақтарына дұрыс жауап бере отырып, жеңімпаз 5 мың теңге ұтып алды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ұтыс ойындары әлі де жалғасады әрі оған кез келген өңір тұрғыны қатыса алады. 

- Біз апта сайын тыңдармандар арасында 5 мың теңге ойнататын боламыз. Біздің сұрақтарымызға дұрыс жауап беру үшін Сіз біздің Instagram-ға жазылуыңыз керек және бір апта бойы біздің әңгімелерімізді қадағалап отыруыңыз шарт. Дүйсенбіден бастап біз "Халық радиосы" туралы жаңа мәліметтерді жариялаймыз, – деп атап өтті редакция.

Айта кетелік, ұтыс ойындары әр жексенбі сайын өтеді.