Павлодар облысының спортшысы Азия олимпиадасында үздік атанды
Бұл додаға 40-тан астам ел қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық спорт басқармасының мәліметінше, Ресей Федерациясының Саха Республикасы, Якутск қаласында төрт жылда бір рет өтетін «Азия балалары» олимпиадасы өтті. Қазақстан құрама командасының құрамында жерлесіміз, 8-сынып оқушысы Мөлдір Данкина да өнер көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша спортшымыз Қырғызстан, Ресей, Моңғолия және Якутиядан келген балуандарымен белдесіп, 50 келі салмақ дәрежесінде алыш белбеу күресінен чемпион атанды.
– Мөлдір жас кезінен бастап белбеу күресінен Серік Еcжановпен жаттығады. Бала кезінен ол табандылықпен, шыдамдылықпен және төзімділікпен ерекшеленді, – дейді басқармада.
Айта кету керек, жас балуан қыз – облыс, ел чемпионы. Көптеген турнирлер мен чемпионаттардың жүлдегері.