Павлодарда лицей оқушылары ұлттық спорт түрлері бойынша сынға түсті

Павлодарда лицей оқушылары ұлттық спорт түрлері бойынша сынға түсті
Фото: Асық атудан облыстық ұлттық мектеп лигасы

Жарысқа 174 оқушы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Асық атудан облыстық ұлттық мектеп лигасының мәлімдеуінше, 14-15 наурыз аралығында А.Шамкенов атындағы мектеп-лицейде зияткерлік және ұлттық спорт түрлері бойынша «Ұлттық Мектеп лигасы» l облыстық спартакиадасының бағдарламасында 5-6 және 7-8-сынып оқушылары арасында асық ату және бес асық бойынша жарыстар өтті.

Жарысқа асық атудан 12 команда және бес асықтан 12 команда қатысты.

Жарыс нәтижелері бойынша 

Асық ату 5-6-сынып:

  • 1 орын – Баянауыл ауданының Лекер жалпы негізгі мектебі;
  • 2 орын – Павлодар қаласының №17 жалпы орта білім беретін мектебі;
  • 3 орын – Екібастұз қаласының №11 ЖОББМ.

Бес асық 5-6-сынып:

  • 1 орын – Павлодар қаласының №40 ЖОББМ;
  • 2 орын – Тереңкөл ауданының А.Н.Елгин атындағы №1 жалпы орта мектебі;
  • 3 орын – Баянауыл ауданының Лекер ЖНМ.

Асық ату 7-8-сынып:

  • 1 орын – Екібастұз қаласының №11 ЖОББМ;
  • 2 орын – Тереңкөл ауданының Қ.Оспанов атындағы №3 ЖОББМ;
  • 3 орын – Баянауыл ауданының Лекер ЖНМ.

Бес асық 7-8-сынып:

  • 1 орын – Ақсу қаласының Үштерек орта мектебі;
  • 2 орын – Тереңкөл ауданының А.Н.Елгин атындағы №1 ЖОМ;
  • 3 орын – Баянауыл ауданының Лекер ЖНМ.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық білім беру басқармасының аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының дипломдарымен, грамоталарымен және медальдарымен марапатталды.