Екібастұзда асық атудан мерген ұстаздар анықтады

Екібастұзда асық атудан мерген ұстаздар анықтады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Республикалық жарыста жүзге жуық ұстаз сынға түсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Екібастұз қаласында асық ату мен бес асықтан жалпы ұстаздар арасында республикалық турнир өтті. Астана қаласы мен Абай, Қарағанды, СҚО және Павлодар облыстарынан келген 100-ге жуық ұстаз өзара сынға түсіп, мықтыларды анықтады.

Асық атудан Павлодар қаласынан Азиз Изимов 20-29 жас санатында, Қайрат Жетпісов ІІ топта 30-39 жас санатында және Думан Байжырықов 50-59 жас санатында, Баянауыл ауданының асықшысы Айдын Мәжитов 30-39 жас санатында, Абай облысы, Ақсуат ауданынан келген Қалдыжан Қанапиянов 40-49 жас санатында, Ақсу қаласының тумасы Жексенбай Борамбаев +60 жас санатында жеңіске жетті. 

Ал бес асықтан Баянауыл ауданының асықшысы Ақбаян Дүйсембай 20-29 жас санатында, Екібастұз қаласынан келген Индира Әбішева 30-39 жас санатында және Әсемгүл Сембаева 50-59 жас санатында, Ақсудан келген Құндыз Койчиева 40-49 жас санатында турнир жеңімпаздары атанды. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Асық ату федерациясының дипломы мен журнал редакциясы тарапынан төсбелгі мен медальдарға ие болды.