Жеті миллион теңге: Павлодарда ат жарысы өтеді

Жеті миллион теңге: Павлодарда ат жарысы өтеді
Фото: Константин Шелков

Жарыс бәйгенің үш түрі бойынша ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, қала күні аясында 20 шілде күні сағат 10:00-де «Құлагер» ипподромында бәйге өтеді.  

– Көрермендер асыл тұқымды жылқылардың керемет жарыстарын тамашалай алады. Аламан бәйге – 24 шақырым, топ бәйге –  14 шақырым, құнан бәйге сегіз шақырым қашықтықта өтеді, – дейді әкімдікте.

Айта кету керек, жалпы жүлде қоры жеті миллион теңгені құрайды. Көрермендер арасында тұрмыстық техника мен бағалы сыйлықтар ойнатылып, азық-түлік сату нүктелері ұйымдастырылады.