Павлодар облысында биыл жол апатында 150-ден астам адам зардап шекті
Жол қозғалысына қатысушылардың ең көп және ең осал тобы – жаяу жүргіншілер, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы кезеңде аймақта жаяу жүргіншілердің қатысуымен 139 жол-көлік оқиғасы тіркелді, 11 адам қаза тауып, 152 адам зардап шекті. 1695 жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін жазаланды.
– Жүргізушілер көбінесе «байқамадым» деп ақталады. Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткеліне жақындаған көлік құралының жүргізушісі жылдамдықты төмендетуге немесе өтпес бұрын тоқтауға міндетті. Осылайша, жүргізуші жаяу жүргіншілердің жоқтығына және қозғалыстың қауіпсіз екеніне толық көз жеткізуі керек, – дейді департаментте.
Тәртіп сақшылары жүргізушілер жаяу жүргіншілер өткелінен дейін жылдамдықты азайтқанда ғана бақыланбайтын жаяу жүргіншілер өткелдері арқылы жүру ережесін бұзу салдарынан болатын жол-көлік оқиғаларының санын азайту мүмкін екенін айтады.