Павлодар жастары заңсыз дискотека ұйымдастырған
Қатысушылардың ішінде кәмелетке толмағандар мен шетелдік азаматтар болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы қалалық прокуратура «Instagram» желісінде мәлімдеді.
– Уәкілетті органдардың қатысуымен түнде өндірістік аймақ аумағында 200-ден астам жастардың заңсыз дискотека ұйымдастырғаны анықталды. Оның ішінде кәмелетке толмағандар мен Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған шетелдік азаматтар бар, – дейді прокуратурада.
Кінәлілерге қатысты әкімшілік құжаттар толтырылды.
Тәртіп сақшылары барлық қала тұрғындары мен қонақтарын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтауды сұрайды.
Құқықбұзушылық туралы қала прокуратурасына +7(7182)55-26-29, +7(747)607-54-26 нөмірі бойынша немесе @prokuratura_pvl «Instagram» парақшасы арқылы хабарлауға болады.