Ақсулықтарға заң сұрақтары бойынша тегін кеңес беріледі

Ақсулықтарға заң сұрақтары бойынша тегін кеңес беріледі
Фото:pixabay.com

Адвокаттар азаматтардың өтініштерін қарастыратын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

14 наурызда Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қолдауымен Ақсудағы «Астана» сауда үйінде жемқорлыққа қарсы еріктілер кез келген құқықтық мәселелер бойынша азаматтарға тегін заңгерлік кеңес беру бойынша акция ұйымдастырады.

– Консультанттар ретінде Павлодар облысының заң консультанттары палатасының, адвокаттар алқасының, нотариустардың, сондай-ақ мемлекеттік органдарының өкілдері қатысады, – деді департаментте.

Тұрғындар сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін заңгерлік кеңес ала алады. Заң консультациялары кезек тәртібімен өтеді.