Павлодарда 30 мың ағаш аптасына үш реттен суарылады
Құрғақ ауа райында суару жиілігі артады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласы ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, жасыл желектерді суару бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіледі.
– Жасыл желектерді күтіп ұстау, атап айтқанда, шамамен 30 мың ағаш 20 суару машинасын пайдалану арқылы аптасына кем дегенде үш реттен қолмен суарылады, – дейді бөлімде.
Ағаштардың тиімді өсуі мен тамыр тартуы үшін минералды тыңайтқыштар қолданылады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram