Павлодар облысында қызылша мен пияз арзандады

Павлодар облысында қызылша мен пияз арзандады
Фото: pixabay.com/ru

2024 жылғы желтоқсанда тұтыну бағаларының индексі  жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық статистика департаментінің мәліметінше, азық-түлік тауарлары тобында жұмыртқа бағасы – 2,6%-ға, май және тоң май бағасы – 1,6%-ға, сүт өнімдері – 0,4%-ға, кондитер өнімдері 0,2%-ға қымбаттады.

Бұл ретте қант бағасының 0,5%-ға, қарақұмық жармасы – 1,6%-ға  арзандауы байқалды. 

Көкөністер мен жемістер арасында қиярлар бағасы  – 21,7%-ға, қызанақтар – 8,7%-ға, картоп – 3,1%-ға, сәбіз – 2,1%-ға қымбаттады, сонымен қатар қызылша – 7,1%-ға, пияз – 4,5%-ға, ақ қауынды қырыққабат 2,7%-ға арзандады,  – деп жазылған хабарламада. 

Азық-түлік емес тауарлардың бағасы бойынша зергерлік бұйымдар және сағаттар – 6%-ға, фармацевтикалық өнімдер – 0,8%-ға, автомобильдер және бензин 0,1%-ға өсті.

Ақылы қызметтер бойынша нақты үйді жалға алу 0,4%-ға қымбаттаған.