Павлодардағы мұнай-химия зауыты цифрландыру арқылы уақытты үнемдеді
«Нефтехим LTD компаниясы» ЖШС цифрлық жүйелерді енгізіп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бүгінгі таңда серіктестік жұмыс тиімділігін арттыруға және бизнес-процестерді автоматтандыруға бағытталған цифрлық шешімдерді енгізуді жалғастыруда. Мәселен, 2024–2026 жылдары кәсіпорында бірнеше жаңа жүйе іске қосылған. Соның арқасында кей жұмыстарды үнемдеу 30–50%-ға дейін жылдам орындала бастады.
Компанияның жетекші бағдарламашысы әрі бөлім басшысының міндетін уақытша атқарушы Егор Николаевтың айтуынша, цифрландыру ең алдымен басқару жүйесіне енгізілген.
- Біз негізгі процестерді цифрлық форматқа көшіріп жатырмыз. Бұл жұмысты жылдамдатып, ашық әрі тиімді етуге мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде нақты нәтиже көріп отырмыз. Басқаруды цифрландыру аясында Zoom платформасы енгізіліп, жиналыстардың шамамен 100%-ы онлайн форматта өтеді. Бұл қызметкерлерге әлемнің кез келген нүктесінен қосылуға мүмкіндік беріп, шешім қабылдау уақытын 2 есеге дейін қысқартуда, - дейді Егор Николаев.
Сонымен қатар, «Келіссөз 24» жүйесі арқылы құжаттардың 90%-дан астамы электронды форматқа көшірілді. Құжат рәсімдеу уақыты бірнеше сағаттан 20–30 минутқа дейін қысқарған.
2025 жылдан бастап Indigo жүйесімен қызметкерлер онлайн тест тапсырады. Ал Telegram-ботты 980 қызметкер қолданады. Бұдан бөлек, тапсырмаларды басқару Pyrus жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Серіктестікте компьютерлік техникалар да түгелдей жаңартылған.
Серіктестікте IT-инфрақұрылымды жаңарту аясында 2025–2026 жылдары 60-тан астам компьютер жаңартылған. Жаңа құрылғылардың арқасында жүйе жылдамдығы артып, техникалық ақаулар азайған. Ал IT бөліміне түсетін өтініштер шамамен 30%-ға қысқарған.
Қазіргі таңда кәсіпорын барлық жүйелерді біріктіретін бірыңғай цифрлық платформаны әзірлеуде. Бұл жоба 2026–2030 жылдар аралығында жүзеге асырылады деп жоспарлануда.