Павлодарда тұрғылықты жері жоқ ерлі-зайыптылар әлеуметтендіру орталығына жеткізілді

Павлодарда тұрғылықты жері жоқ ерлі-зайыптылар әлеуметтендіру орталығына жеткізілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тәртіп сақшылары белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтау бойынша рейдтерді жалғастыруда, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  рейд барысында оңтүстік полиция басқармасы  учаскелік полиция инспекторлары Усолка өзенінің жанында  өздерінің тұрғылықты жерін атауға қиналған ерлі-зайыптыларды  анықтады. Олар  өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығына жеткізілді. 

– Бұл азаматтарды оңалту орталығында ұзақ уақыт ұстауға мүмкіндік жоқ. Әкімшілік жаза үшін құжаттар қажет, ал бұл азаматтарда әдетте құжаттары  болмайды. Жұмыстары жоқ, сондықтан оларға айыппұл салу да тиімсіз.  Сондай-ақ, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар көбінесе қылмыстың құрбаны болатыны жасырын емес және олар өздері де қылмысқа бара алады. Сондықтан мұндай азаматтарды белсенді бақылау қажет, – деді Павлодар қаласы полиция басқармасы оңтүстік бөлімшесінің учаскелік аға инспекторы  Рымбек Мелесов.

Полицейлер облыс орталығының тұрғындарына тұрақты тұрғылықты жері жоқ азаматтар туралы ақпарат бергені үшін алғыс білдіреді. Барлық келіп түскен сигналдар тексеріледі және хабарламалар бойынша тиісті жұмыс жүргізіледі.

Айта кету керек, жыл басынан бері өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығына  124 адам жеткізілді.