Павлодарда барлық мемлекеттік қызметтер бір алаңда тоғысады
Жәрмеңкеде әр сала өкілдерімен тікелей сұхбаттасып, көкейдегі сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі
26 ақпан күні болатын іс-шараға халықты әлеуметтік қорғау, мемлекеттік кірістер, білім беру, денсаулық сақтау, сәулет, жер қатынастары, бизнес және көші-қон салаларының мамандары қатысады. Тұрғындар мемлекеттік қызметтерге қатысты мәселелер бойынша кеңес алып, өздерін толғандырған сұрақтарын қоя алады.
Айта кетейік іс-шара Павлодар қаласы, Генерал Дүйсенов көшесі, 80 мекенжайында сағат 15:00-16:30 аралығында өтеді.
Айшабибі Алтынбекқызы.