Павлодарда мектеп ұжымы қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қуантты

Павлодарда мектеп ұжымы қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қуантты
Фото: қалалық білім бөлімінен

Олар отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне концерттік бағдарлама дайындады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Балаларға қуаныш сыйла» жазғы облыстық жобасы аясында Павлодар

қаласының № 36 экологиялық бағыттағы жалпы білім беру мектебі «Алтын балалық шақ» онкүндігін өткізуде. Іс-шараның мақсаты - қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды әлеуметтендіру.

Мектептің шығармашылық ұжымы Павлодар қаласының отбасылық үлгідегі балалар ауылының балаларына арналған концерттік бағдарлама дайындады. Концерттік бағдарламада 2023 - 2024 жылдардағы халықаралық би байқауларының жеңімпазы болып табылатын «Мәдени революция» би ұжымы өнер көрсетті. Сонымен қатар, 7-8- сынып оқушыларынан тұратын  вокалдық байқаулардың жеңімпаздары ән шырқады.

– Мектеп қабырғасында қуаныш, бақыт, мейірімділікпен көңілді ахуал орнады. Балалық шақ – бұл балалардың өз болашағын құрып, өз күштеріне сенетін, олардың өмірінің ең қымбат және ерекше бөлігі. Бұл — күлкі, қуаныш пен достық уақыты, шабыт пен бақыттың қайнар көзі, – деді мектеп жанындағы лагерь жетекшісі Наталья Квач.

Концерттік бағдарламада залмен көңілді ойындар, «Спорттық микс» флешмобы, әзілдер мен күлкі болды. Қонақтар «Балаларға қуаныш сыйла» челленджіне қатысты.