Павлодарда екі адамды үсік шалды

Өткен демалыс күндері 103 пультіне келіп түскен шақырулар саны шамамен 20 пайызға артқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық жедел жәрдем станциясында мұны қолайсыз ауа райы жағдайымен байланыстырады.
12 қазанда үсікке шалдығуға қатысты екі шақырту тіркелген. Бірінші жағдайда 62 жастағы тұрғылықты мекенжайы жоқ ер адам екі аяғының бірінші дәрежелі үсуімен зардап шекті. Екінші жағдайда жалпы тоңу және бірінші дәрежелі кома жағдайындағы шамамен 40 жастағы белгісіз ер адам көшеде табылды. Екеуі де Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілді.
– Ауа райының күрт нашарлауына байланысты – аяз бен көктайғақтың әсерінен – біз шақыртулар санының одан әрі өсуін болжаймыз, – деді облыстық жедел жәрдем станциясы басшысының орынбасары Ирина Мищенко. – Өкінішке қарай, суық түскен алғашқы күндердің өзінде үсік шалу жағдайлары тіркелді. Барлық павлодарлықтарды барынша сақ болуға, ауа райына сай киінуге және өздерін қорғауға шақырамын.
Соңғы екі тәулікте 103 қызметі сегіз жол-көлік оқиғасына шықты. Екібастұз бен Майқайың арасындағы тас жолда екі мотоцикл соқтығысқан. 1975 және 1988 жылдары туған ер адамдар ми шайқалу және бас сүйек-ми жарақаты күдігімен Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді.