Павлодарда суға батып бара жатқан әйел құтқарылды
Құтқарушылар оны жағаға жеткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 тамызда сағат 13:30-да жедел құтқару жасағының күшімен Усолка өзенінде кезекшілік кезінде жүзу шекараларын белгілейтін қалқымалардан асып кеткен әйел құтқарылды.
– Ол өз күшін есептемей суға бата бастаған. Құтқарушылардың жедел медициналық жәрдем келгенге дейін реанимациялық іс-шаралар жасауының нәтижесінде әйел есін жиды, – дейді департаментте.
ТЖБ қызметкерлері су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін құтқарылған әйел азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды.