Павлодарда еліміздің түкпір-түкпірінен жас жүзушілер бас қосады
15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында «Көңілді дельфин» Қазақстан чемпионатының үшінші кезеңі өтуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жарысқа еліміздің барлық өңірінен келген отыз команда құрамындағы үш жүзден астам спортшы қатысуда. Бұл турнир – жас спортшылар үшін маусымның басталуы ғана емес, спорттық мансаптағы маңызды қадам.
– «Көңілді дельфин» республикалық турнирін юниорлар арасындағы Қазақстан чемпионатына теңеуге болады. Бұл – олардың ересектер деңгейіне дейін жетелейтін алғашқы баспалдағы, – деді жарыстың бас төрешісі Регина Хайруллина.
Турнир көптеген спортшылар үшін өз мүмкіндігін сынап көруге, жеке нәтижесін жақсартуға және тәжірибе жинауға тамаша мүмкіндік. Жарыс жыл сайын елдің ең үздік жас жүзушілерін біріктіріп, болашақ чемпиондарға жол ашып келеді.