Павлодарлық велоспортшылар республикада үздік атанды

Павлодарлық велоспортшылар республикада үздік атанды
Фото: Спорт басқармасы

Бұл чемпионатта үш спортшы алтын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Спорт басқармасының мәліметінше, 13-14 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасында велоспорттан қарқын және спринт бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты ұйымдастырылуда. Ел біріншілігінде жергілікті жас спортшылар да өнер көрсетуде. 

Чемпионаттағы бірінші күннің нәтижесі бойынша Жания Қаңтарбай, Анастасия Наливайко, Дарья Медведева жеңіс тұғырынан көрініп, алтын еншілеген. Ал Әмір Джумалинов, Айжан Әділ, Олег Кошевой сынды спортшылар кестенің сегізінші орынынан көрінді.