Павлодарда Ертіс өзенінің саласы аспан түсіне боялды

Павлодарда Ертіс өзенінің саласы аспан түсіне боялды

Экологтар бұл жағдайды зерттейтін болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz   тілшісі

Ертістің саласы көгілдір түске боялғаны туралы бейнежазба әлеуметтік желіде бірнеше күннен бері таралуда.  Облыстық экология департаменті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесіп, өзен түсінің ауысу себептерін анықтау үшін Усолка шағын ауданының  жағалау сызығын тексерді. 

– Ертіс саласындағы судың табиғи емес ашық көк түске ие екендігі байқалды. Қағидаларға сәйкес өзеннің үш жерінен сынамалар алынды, – деді облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Мағзұм Кукумбаев.

Усолка өзенінен 500 метр жоғары ағысында судың белгісіз түсінің белгілері анықталған жоқ. Ал жағалаудан 300 метрде пирс орналасқан. Ол жерде сабынды судың көкшіл реңкі байқалады. Мамандар өзеннің көк түске боялуы белгілі бір заттардың жуылғанынан шығуы мүмкін деп болжамдайды. 

Зерттеулердің нәтижелері белгілі болған кезде  қосымша ақпарат хабарланатын болады.

Фото: Константин Шелков